Спорт

Алексей Луценко Азиада ойындарында 2-ші алтын медальға қол жеткізді

Спорттан қуанышты хабар. Ел қоржыны тағы бір Азиада алтынымен толықты! Жерлес велошабандоз Алексей Луценко Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында екінші алтын медальді қанжығасына басты.

Бұған дейін топтық жарыста мәреге бірінші болып келген отандасымыз жекелей сында да алдына жан салмады. Алексей Луценко өзбекстандық және жапондық споршыларды басып озып, 40 шақырымды 55 минут 37 секундтың ішінде жүріп өткен.
Нәтижесінде, ел құрамасы 3 алтын, 7 күміс және 19 қоламен халықаралық доданың турнирлік кестесінде 11-ші орында тұр. Бұл, әзірге аралық көрсеткіш. Демек, бұдан да көп толағай жеңістерден үмітіміз бар.

Альмира Жетписбай