Спорт

Жерлесіміз Алексей Луценко Азиа ойындарында алтын медальға ие болды

Индонезияда сүйінші хабар жетті. Бүгін солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко XVIII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынына түскен екінші алтын медаль.

Жерлесіміз 150 шақырымдық тасжолдағы топтық бәсекеде мәре сызығына бірінші болып жетті. Ол аталған қашықтықты 3 сағат 25 минут 25 секундта жүріп өткен. Бұл додада екінші орынды жапондық спортшы жеңіп алса, үздік үштікке Таиланд велошабондозы еніп отыр. Айта кеткен жөн, Қазақстан командасы 2 алтын, 6 күміс, 15 қола медальмен жалпы есепте 12-орында келеді.

Молдир Макишева