Қоғам

Заң саласының мамандары жастармен кездесу өткізді

Ата Заңның қалыптасу тарихы. Осы туралы бүгін Иван Шухов атындағы кітапханада дөңгелек үстел отырысы өтті. Шара ел Конституциясының 23 жылдығына арналды. Жиынға белсенді жастар мен түрлі сала өкілдері қатысып, заңгерлерге қызықтырған сұрақтарын қойды.

Бүгін мына залға құқық саласында тер төгіп жүрген білікті мамандар жиналған. Солардың бірі – жергілікті тәуелсіз заңгер-консультанттар палатасының басқарма төрағасы Евгений Кинцель. Оның алдына бұзылған құқығының қорғалуын сұрап тұрғындар жиі келеді екен. Маман өз кезегінде азаматтарға Ата Заңға сүйене отырып кәсіби кеңес береді. Евгений Кинцель Конституциямыз еліміздің құқықтық мемлекет болып қалыптасуына үлкен серпіліс бергендігін айтады.

Евгений Кинцель – СҚО тәуелсіз заңгер-консультанттар палатасының басқарма төрағасы:

ҚР-ның Конституциясы 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Одан кейінгі жылдары Ата Заңның баптары мен тармақтарына бірқатар өзгерту енгізілді. Маңызды құжат – ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілі.

Жиынға қоғамның сан саласында еңбек етіп жүрген жастар қатысты. Кездесу барысында олар білікті заңгерлер мен адвокаттарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

– Заң саласына қатысты мазалаған сауалыма жауап алдым. Мұндай кездесулер жиі өткізіліп отырса жақсы болар еді.

– Бүгін білікті мамандарға сұрақтарымды қойып, кәсіби кеңес алдым. Жиын қызықты өтті.

Алдағы уақытта кітапхана қызметкерлері ҚР-ның Конституциясы күніне арналған
ауқымды танымдық шара өткізбек.

Бахыт Садвокасов