Құқық қорғау органдары

Саяжайларда 40-қа жуық әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелген

Қазір саяжайлардағы тіршілік қыз-қыз қайнап жатыр. Бағбандар бақшаларындағы өнімдерін жинауда. Әзірге, оларды алаңдатындай ештеңе жоқ. Дегенмен, ұры-қарыдан сескенбесе болмайды. Кез келген уақытта баукеспелер саяжайшылардың дайын өніміне қол сұғуы мүмкін.


Күн сайын кавалериялық батальон күндізгі сағат 14.00-ден кешкі 20.00-ге дейін саяжайлардағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Әсіресе, көлік жүре алмайтын жерлер – салт атты тәртіп сақшыларының жіті бақылауында.

Самат Жүнісов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПП батальонының бөлімше командирі:


– Көліктер жүре алмайтын жерлерде біз аттарға мініп, сол мекендерді қарап өтеміз. Ауа райы бізге бөгет бола алмайды. Саяжайларды аралау маусым аяқталғанша, яғни күзге дейін жалғасады.

Саяжай маусымы басталғалы бері тәртіп сақшылары 40 әкімшілік құқық бұзушылық фактісін тіркеген. Оның 21-і адамдардың масайған күйде жүруі және қалған 19-ы абаттандыру ережелерінің сақталмаууына қатысты.

 

Альмира Жетписбай