Көлік және жолдар

Жолдарды жөндеуде инновациялық технологиялар қолданылуда

Бұл инновациялық технология Америкада жиі қолданылатын көрінеді. Аталған эмульсиялы-полимерлі қоспа / асфальт-бетонның тозуын бәсеңдетіп, оның ұзақ сақталуына көмектеседі. Мамандар тың әдісті қолдануға қанша қаржы жұмсағандарын айтпады. Бірақ, петропавлдықтарды уақытша ыңғайсыздыққа түсіністікпен қарап, жол ережелерін сақтауға кеңес береді. Жалпы, бүгіндері осынау әдіс Қазақстан нарығында кеңінен қолданылып келеді. Тек асфальт-бетонның пайдалану мерзімін ұзартатын қосындының иісі өте жағымсыз көрінеді. Оны тұрғындар сезініп үлгерген.


Аян Қасымов – Петропавл қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң сектор инспекторы :


– Қаланы аббаттандыру шаралары аясында осынау тың технология қолданылуда. Бүгіндері бұл жұмыстар Парковая, С.Мұқанов, Брусиловский және К.Сүтішев көшелерінің кей бөліктерінде тындырылған. Айта кетейік, қоспа асфальт-бетонға жағылған соң, жолға жақсы сіңуі үшін 1-2 тәулік ол жермен жүруге болмайды. Сол себепті, жүргізушілер бұған түсіністікпен қараса екен дейміз. Алдағы уақытта реджувасил әдісі К.Сүтішев және Брусиловский көшелерінің қалған бөліктерінде және Жамбыл көшесінде қолданылатын болады. Жалпы, аталмыш әдіс қаладағы 9 шақырым жолда пайдаланылмақ.


Магжан Ахмадина