Аптадағы маңызды жаңалықтар

Доллардың құны тағы да шарықтады

Екі-үш күннен бері ақша айырбастау пункттерінде доллардың бағасы айтарлықтай өзгерді. Мысалы, бір ай бұрын шетелдік валюта 344 теңге болса, тамыздың 10-ы күні оның сомасы 357 теңгені көрсеткен. Ал, бүгіндері 360 теңгеден асып түсті.


Диас Мэлс – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:


– Бүгінгі таңғы сессияның нәтижесі бойынша доллар 363 теңге 15 тиынды құрады. Ол алдыңғы күнге қарағанда 1,8 пайызға төмендегендігін көрсетіп отыр. Теңге бағамының төмендеуі біздің елдің сауда әріптестері валюталарының төмендеуіне байланысты. Тағы АҚШ доллары өсіп отыр. Және олардың санкция жариялауына байланысты болып отыр.

Мамандар АҚШ валютасының бұлай күрт өсуіне тағы мұнай бағасының арзандауы себеп дейді. Сондықтан, теңге ғана емес, өзге валюталардың да көрсеткіштері азайған. Айталық, долларға қарағанда түріктің лирасы – 9, ал көршілеріміз – Ресейдің рублі 2,4 пайызға төмендеген. Десе де, қарапайым тұрғындарға қобалжуға себеп жоқ. Сондықтан болар, дүрбелеңге салынып, ұзын-сонар кезекке тұрып тездетіп валюта айырбастап жатқан солтүстікқазақстандықтарды көрмейсің.

Диас Мэлс – «ҚР Ұлттық Банкі»:


– Тұрғындарға теңге бағамының төмендеуі әсер етпеуі тиіс. Өйткені, елімізде дедолларизация жүріп жатыр. Доллардағы кредиттердің саны азайып жатыр. Кәсіпкерлерді айтар болсақ, оларға, тіпті, жақсы болады. Әсіресе, экспортерларға. Өйткені, келісімшарттардың көбі доллармен жасалады. Ол бағалары өзгермесе, олар тек жеңеді.

Доллардың күрт өсуі біреуге пайда әкелсе, кейбірінің қалтасын жұқартуы мүмкін. Әсіресе, тауарды импорттаушы ірі компаниялардың.

 

Мағжан Ахмадина