МТРА жаңалықтары

Жел генераторлары орнатылуда

Қазір Новоникольсое селосында жел электр станциясы салынып жатыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын мұнда төрт бірдей жел генераторы орнатылған болатын. Алдағы уақытта тағы екеуі іске қосылмақшы. Қазір өндірістік қуаты сағатына- 2 мегаватт болатын құрылғылар монтаждалып жатыр. Жұмыстар аяқталған соң, станция облыстың жалпы энергия жүйесіне қосылатын болады. Жел генераторларын алуға кәсіпорын – 330 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаған.


Иван Зенченко – «Иван Зенченко» ЖШС директоры:

 


– Осыған дейін орнатқан төрт турбина өз-өзін толығымен ақтап шықты. Өйткені, Солтүстік Қазақстанда желдің жылдамдығы жақсы. Сәйкесінше қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Сондықтан тағы да екеуін орнатып жатырмыз. Бұл қондырғыларды Германиядан әкелдік.

Магжан Ахмадина