Мәдениет

Теріскейде “Абай салған – дара жол” атты квест ойыны өтті

Жарысқа 4 адамнан құралған 7 команда ат салысты. Сайыс барысында әрбір топ жетекшілеріне карта және бекеттерден өту паспорттары берілді. Кұрамалар картада белгіленген 4 бекетті аралап, Абайдың өлең жолдарынан алынған сөздерді жинады. Сондай-ақ, ойын талабына сай топ мүшелеріне ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылды. Оларға дұрыс жауап берген команда ғана паспортына стикер жабыстырып, келесі бекетке бет ала алды. Осылайша, барлық пункттерді аралап, сұрақтарға дұрыс жауап берген, әрі кітапханаға бірінші жеткен құрама жеңімпаз атанды.

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ төрағасы:


– Осы ойынның басты мақсаты – ойын арқылы жастарды ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі, еңбектерімен таныстыру, ақын жайлы білімдерін арттыру. Бүгінгі шараға қаламыздың жастары, “жасылелдіктер” мен “жасотандықтар” қатысып отыр. Бұл ойын қаламыздың әдемі жерлерінде 4 пункт бойынша өтеді. Соңғы бекетте командалар стикерлерді санап, жеңімпаздарды анықтайды. Қызықты доданың соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге құнды сыйлықтар табысталады.


Альмира Жетписбай