Балалар

Жұмыскер жас – ел болашағы

Олар көше бойымен өтіп бара жатқан жастарға арнайы буклеттер таратты. Мұнда механизатор, технолог, құрылысшы, электрик және кондитер сынды жұмысшы мамандықтарға оқытатын кәсіптік білім беру мекемелерінің тізімі көрсетілген. Осылайша белсенділер жастарды кабинеттегі қызметтің
орнына жұмысшы кәсіптерін таңдауға үгіттеді. Облыстық жастар саясаты басқармасының бастауымен өтіп жатқан акция 3 күнге жалғаспақ.

Сұлтан Омаров – СҚО “Жас Ұлан” қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары:


– Үш күннің ішінде Петропавл қаласы мен өңірдің барлық аудандарын қамтымақшымыз. 800-ге жуық буклет тарату жоспарда бар. Оларда жергілікті кәсіптік педагогикалық колледж, құрылыс-экономикалық колледжі және машина жасау колледжі ұсынып отырған мамандықтардың тізімі көрсетілген. Бүгінде жастар көбіне юрист, экономист сынды кеңселік мамандықтарды таңдайды. Сәйкесінше, жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс кеміп барады. қолына еңбек құралын алатын жастар – ел болашағын жарқын ететін алтын көпір. Сондықтан, мұндай мамандықтардың танымалдылығын арттыру керек.


Саят Ермек