Құқық қорғау органдары

“Kiki Challenge” челленджіне тыйым салынды

«Kiki Challenge» эстафетасы Канада елінен бастау алған. Дегенмен, соңғы уақытта шетелдік рэпер Дрейкке еліктеген күллі әлем жұртшылығы жүріп бара жатқан көліктерінен секіріп түсіп, жол бойлай билеп жүр. Ерекше көрінгілері келіп, қауіпті іс-қимылдарды көрсетіп жатқандардың арасында қазақстандықтар да аз емес.


Дегенмен, жол бойында көрсетілетін жасанды батылдықтың соңы қайғылы аяқталуы мүмкін. Бастаманы іліп әкетушілер бұндай қылықтарды жасаған уақытта жеке бастарымен қатар, басқа жұрттың өмірін де қауіп-қатерге тігіп отырғандарын түсінуі қажет. Осы уақытта түрлі елдерде бірқатар жазатайым оқиғалар тіркеліп үлгерген екен. Бүгіндері аталған челендждің ұйымдастырушылары қауіпті үдерістің салдарын түсініп, өз идеяларынан бас тартып жатқан жайы бар.

Баян Байгаскина – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:


– Бұл қылықтар жолда жүру ережесін бұзу болып табылады. Жүргізуші алдын-ала әрекет жасамай көліктен түспеуі керек. Сондай-ақ, темір тұлпар жабылу есікпен жүруі қажет.

Алдағы уақытта түрлі лайктардың жетегінде жүріп, ғаломторға өздері түсірген қауіпті видеоларын жүктеген жандар заң жүзінде жазаға тартылмақ. Тәртіп сақшылары бұзақыларды анықтау үшін жолдарда және әлеуметтік желілерде бақылау жүргізетін болады.

Тогжан Акмагамбетова