Мәдениет

Ұлы Абайдың туғанына 173 жыл толып отыр

Соның алғашқысы, “Ақылдың кілті” атты интернет шарасы. Бұл бастаманың барысында қазақстандық жастар әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында ұлы ақынның суреті мен оның қаламынан туған шығармаларын жариялап, бөліседі. Посттар “Абайды таны” хэштэгімен белгіленеді. Қазірдің өзінде Ғacebook, Instagram парақшаларында осы тақырыпта 100-ден астам пост шығып үлгерген.

Абылайхан Қайролла – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:


– Әлеуметтік желілерде салынған посттар арқылы өскелең ұрпақ Абай Құнанбаевтың қандай тұлға болғандығын және қазақ әдебиетінің дамуына қандай үлес қосқанын біле алады. Сонымен қатар, осы акция барысында ұлы данышпанның шығармашылығына арналған квест ойының өткіземіз. 9-шы тамыз күні өтетін квестке барша қаламыздың жастарын шақырамыз. Оған кез-келген адам қатыса алады. Осы жайлы толық ақпарат алғысы келгендер біздің әлеуметтік желіге жаза алады. Квестін қорытындысы бойынша жүлделі орындарға қол жеткізгендер бағалы сыйлықтарға және алғыс хаттарға қол жеткізеді.


 

Тогжан Акмагамбетова