МТРА жаңалықтары

Өңірдегі орташа жалақы көлемі 113 336 теңгені құраған

Олардың бір айлық табысы – 220 100 теңгеге жеткен. Қаржы және сақтандыру саласында еңбек ететіндер бұдан сәл төмен – 219 554 теңге алады екен. Жоғарғы жалақыға ие азаматтар тізімінің үшінші сатысына қоймалау және көлік саласында қызмет ететіндер жайғасқан. Олардың еңбекақысы 174 127 теңгені құрап отыр. Ал, жалақының ең төменгі мөлшері, яғни 72 751 теңге әкімшілік және көмекшілік қызмет көрсету саласында жүрген теріскейліктерге тиесілі. Аудандар бойынша айтар болсақ, ең жоғары айлық еңбекақы Қызылжар және Тимирязев аудандарында тіркеліп отыр. Ал, ақжарлықтар мен айыртаулықтардың маңдай терімен тапқан жалақысы ең төмен болып шыққан.

 

Магжан Ахмадина