МТРА жаңалықтары

Теріскейде танымал брендтік тауарлардың жалған нұсқалары тәркіленді

Контрафактілік тауар сатқан солтүстікқазақстандықтың ісі алдағы уақытта әкімшілік сотқа жолданып, оған 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Тауар таңбаларын заңсыз айналымға ұсынған кәсіпкерді облыстық әділет департаментінің және шетелдің компанияның өкілдері тексеріс жүргізу барысында анықтаған.

Эльман Танрывердиев – СҚО әділет департаментінің бөлім басшысының міндетін атқарушы:

– Жыл басынан бері әділет департаментінің мамандары кәсіпкерлердің түрлі тауар белгілерін заңсыз қолдануын болдырмау мақсатында 10 бірдей тексеріс жүргізді. Қазіргі кезде 8 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 577 200 теңге айыппұл салынды. Ал, қалған екеуінің істері сотта қаралып жатыр. Нарықта белгілі брендтердің жалған киім-кешектерін, тұрмыстық заттары мен ұялы телефондарды сату фактілері жиі кездеседі.

Тогжан Акмагамбетова