Құқық қорғау органдары

Шағын архитектуралық формаларға күтіммен қарау қажет

Өңір полицейлері қала тұрғындары мен қонақтарын шаһар көркіне бейжайлық танытпай, көшелер мен алаңдардағы мүсіндерге күтіммен қарауды сұрап отыр.

Өйткені, облыс орталығындағы шағын сәулеттік композиялар бұзақылардың үздіксіз шабуылдарына ұшырауда. Олардан қалды мүсіндерді ойын балалары да бүлдіріп әлек. Мәселен, жақында Мир және Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысында шахмат тақтасы жасақталып, алып фигуралар дайындалған болатын. Алайда, сәулеттік композиция көп ұзамай бүлініп, жарамсыз болып қалды. Бейнекамераға жазылған видеодан жасөспірімдердің шахмат мүсіндеріне мініп алып, орнынан жылжытуға әрекет етіп жатқандарын байқауға болады. Бұдан бөлек, жерлестіріміздің орталық көшедегі декоративтік домбыраның ішегін жұлқылап, Петропавлға деген сүйіспеншілікпен орнатылған арнайы жазба әріптерін орындық ретінде пайдаланған жағдайлар кездескен. Бұның бәрі бірден болмаса да, бұйымның бір-бірте тозуына әкеп соқтырады.


Сондай-ақ, қалада аялдама әйнектерін сындыру фактілері де тыйылар емес.
Өткен жылы Петропавлда 80-нен астам автобус аялдамасы бұзылған. Олардың 6-уы ғана көліктердің соғылуы салдарынан жарамсыз болып қалса, жартысына жуығын жерлестеріміз қасақана бүлдіріп, зақым келтірген.
Айту керек, үстіміздегі жылдың басынан бері қаланың көркіне нұқсан келтіруге байланысты 350-ден астам бұзақылық әрекеті тіркелген. Сотқарларға 2 млн теңгеден астам айыппұл салыныпты.

Шәмшиден Ақышов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

– Заңбұзушылыққа жол берген тұлғаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Және 10 тәулікке қамауға алынады.

Данаш Хамзина