МТРА жаңалықтары

5-ші тамыз – медиация күні

Бүгіндері өңір аумағында 100-ден астам медиация кабинеті жұмыс істеп тұр. Бұл орындарда екі жақты табыстырып, бітімгерлікке шақыратын 350 медиатор жұмыс істейді. Олардың 33-і арнайы жоғары білімі бар кәсіби мамандар. Соңғы жарты жылдың ішінде облыстық соттың қарауына 10 мыңнан астам азаматтық іс түссе, солардың 900-ге жуығы бітімгерлердің араласуымен судьялардың қарауына дейін жетпей, екі жақтың келісімге келуімен аяқталған.

Гүлбақша Мұсабаева – СҚО ҚХА медиация кабинетінің меңгерушісі:

– Қазіргі уақытта кәсіби және кәсіби емес медиаторлар бірігіп, көптеген істерді қарастырып, соттарға көмектесіп жатыр. Республика бойынша біздің облыс үшінші орында келеді. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Көбіне қазіргі уақытта халық, қоғам, отбасылық және еңбек, кәсіпкерлік сұрақтарына байланысты әр түрлі даулар және қақтығыстар бойынша бізге жолығады.

Тогжан Акмагамбетова