Құқық қорғау органдары

Полицйлер парашютпен секірді

Жаттығу шараларына 8 адам қатысты. Олардың басым бөлігі бұндай биіктіктен алғаш рет секірді. Тәртіп сақшыларына ауа-райы біраз кедергі келтірген. Бұл күні қатты жел тұрып, жаңбыр жауды. Алайда, жедел қимылдайтын арнайы жасақ өкілдері бұл қиындықтарды оңайлықпен еңсерді. Мұндай жаттығулар олардың жауынгерлік дайындықтарын және күтпеген жағдайларға әзірліктерін шыңдай түседі.

Ерлан Базарбаев, СҚО ІІД жедел қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы:

– Біз АН-2 ұшағынан секірдік. 8 адамның 2-уі бұған дейін парашютпен секіріп көрген, ал алтауы үшін бұл алғашқы тәжірибе болды. Бәрі ойдағыдай өтті. Сондай-ақ жасақ мүшелері парашютты дұрыс жинау машықтарын да қалыптастырды. Практикалық сабақтар Якорь селосының маңында өтті.

Саят Ермек