Бизнес және экономика

“ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ жартыжылдықты қорытындылады

Өңіріміздің несие нарығында айтарлықтай өзгерістер бар. 6 айдың ішінде облысымызда қарыз беру көлемі 10%-ға артып, 111 млрд. теңгені құрады. Банктерден заемның басым бөлігін, яғни 67%-ін жеке тұлғалар алған. Қаржы институттарының көмегіне жүгінгендердің дені ақшаны сауда-саттыққа жұмсапты.

Диас Мэлс – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

– Осы жартыжылдықта заңды тұлғалардың несие салымы 36 млрд теңгені құраса, жеке тұлғалардікі 74 млрд. теңге болды.

Ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бөлінген қаржы сомасы керісінше 14%-ке қысқарыпты. Айт кетерлігі, жерлестеріміз берешектерінен тезірек құтылуға тырысады. Қазіргі таңда кешіктірілген қарыздардың сомасы да азайып жатыр. Сондай-ақ, өңірімізде ұлтты валютаға деген сенімнің артқаны байқалады. Қаржыгерлердің мәліметінше, солтүстікқазақстандықтардың төрттен үші депозиттерін төл ақшамен сақтағанды жөн санайды.

Диас Мэлс – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

– Банктер тұрғындардан 153 млрд теңге тартты. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 17 пайызға артық. Депозиттер бойынша дедолларизация деңгейі 25 процентке төмендеді.

Өңірде ипотекалық несие беру көрсеткіші де біршама жақсарған. Осылайша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда баспана алуға берілген займдар 1,4 есеге артып, 4 млрд 227 млн теңгеге жетіпті. Айтпақшы, бір ай бұрын іске қосылған “7-20-25” бағдарламасы бойынша облысымыздың бір тұрғынына ипотекалық несие беріліпті. Аталмыш жобаның “Нұрлы жер” бағдарламасынан бір ерекшелігі, мұнда шот ашып 3 жыл депозит ашпай-ақ, қолда бар қажетті сомамен жаңадан тұрғызылған үйлердің бірінен пәтер алу мүмкіндігі қарастырылған.

Диас Мэлс – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

– Еліміз бойынша 422 несие мақұлданды. Біреу СҚО-да. Қаланың бір тұрғыны 12 млн теңге заем алды. Бағдарламаға Банк центр кередит, Атф ,халық банкі, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, цесна банк, Евразиялық банк қатысады.

Бұл 6 банк бағдарламадан үмітті барлық теріскейліктерге кеңес беріп, қаржыландыру бойынша өтініштер қабылдайды. “7-20-25” бағдарламасы бойынша 15 млн. теңгеге дейін заем алуға рұқсат етілген. Бірақ үміткердің меншігінде тұрғын үйі, ипотекалық қарызы болмауы шарт.

Берік Қасен