Спорт

Қызылжар қызылордалық Қайсарға есе жіберді

Бұл кезеңде теріскейлік Қызылжар СҚ құрамасы Қызылордада жергілікті Қайсармен кездескен болатын. Матчта 2-де 1 есебімен Сыр жағасының жігіттері басым түсті. Алаң иелері, солтүстікқазақстандықтардың қақпасына қос допты алғашқы таймның өзінде дарытты. Қарсыластарымыздың сапынан Гурман Марк пен Курьор Матиас көзге түсті. Ал, теріскейліктер тек есеп айырмасын 93 минутта қысқарты. Мергендігімен ұжымға жақында ғана қосылған Лечич Мирослав танылды. Бұл кездесуден соң Қызылжар командасы турнирлік кестеде 11-сатыға сырғыды. Енді, жерлестеріміз келесі ойынын тамыздың 5-і күні Қарасай стадионында Павлодарлық Ертіске қарсы өткізеді.

Байболат  Култанов