МТРА жаңалықтары

Петропавлда жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін семинар өтті

Аталған жаңашылдықтар келер жылдың 1-ші қаңтарынан өз күшіне енбек. Осы орайда, әділет департаментінің мамандары аталған өзгертулерді жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне жеткізіп, шаруаны электронды түрде атқарудың қыр-сырын түсіндіруде. Мәселен, бүгінгі жиында нормативтік құқықтық актілердің жобасын ғаламторда ашу амалдарына арналған тәжірибелік сабақ өтті. Бұл шаралар тамыз айында да жалғасатын таппақ.

Әлихан Джапабаев – Мамлют ауданы әкімдігі аппаратының бөлім басшысы:


– Негізі осы рәсімдеу тәртібі бізге өте тиімді болып табылады. Енді тіркеу уақыты қысқаратын болды. Сонымен қатар, халыққа да жақсы ғой. Өйткені, тез қабылданған акт, тезірек күшіне енеді.