Құқық қорғау органдары

Иісшіл иттердің көмегімен 500-ден астам қылмыстың беті ашылды

Жалпы, қазіргі таңда облыстық ішкі істер департаментінің кинологиялық орталығында 46 төртаяқты бар. Олардың 6-уы есірткі заттарын іздеуге машықтанған. Бұл жануарлардың арасында “Злат” есімді овчарка қарым-қабілетімен ерекшеленген. Құқық қорғаушылардың сенімді серігі “Көкнәр” жедел-алдын алу операциясы барысында 160 гр гашишті тасымалдаған Ақмола облысының тұрғынын ұстауға септескен.

Самат Төлебаев – СҚО ІІД кинологиялық орталық қызметінің бастығы:


– Қазіргі күні бізде есірткі, жарылғыш заттарын іздейтін иісшіл иттер бар. Адамның іздері бойынша жұмыс істейтін жануарларды да ұстаймыз. Одан бөлек, мамандар патрулдік және конвой қызметінде төрт аяқтыларды өздерімен алып жүреді. Мұндай иттер оқиға орнына уақытында жетіп, иіс пен іздерді сезулері қажет. Сонда қылмысты ашу мүмкіндігі жоғарылайды.