МТРА жаңалықтары

Новоникольское селосында өрт сөндіру бекеті ашылды

Нысанның ашылуы салтанатына село тұрғындары да қатысып, бекеттің елді-мекенде орын алатын тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтаудағы маңызын жеткізді. Бұдан былай, мамандар 2 мың тұрғыны бар Новоникольское, Трудовая Нива мен Новоалександровка селоларында туындайтын қызыл жалынды сөндіруге жауапты болады. Жаңа бекет 2 “ЗИЛ” өрт сөндіру көлігі және қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Енді алда-жалда апат орын ала қалса, тәуліктік кезекшілікке түсетін 3 өрт сөндіруші тілсіз жауды ауыздықтауға күш салады.

 

Бахыт Садвокасов