Құқық қорғау органдары

Имантау селолық округінің учаскелік полицейі халық алдында есеп берді

Имантау, Жоғарғы Бұрлық, Цуриковка. 2600-ден астам адам тұрып жатқан бұл үш ауыл Имантау селолық округінің құрамына енеді. Туристік аймақта аптап ыстық бола салысымен демалушылар саны күрт артады екен. Өйткені, табиғаты көркем көлге еліміздің түкпір-түкпірінен меймандар келеді. Ал, олардың қауіпсіздігі – басты назарда. Мұндағы учаскелік полиция пункті селолық әкімдік ғимаратында орналасқан. Осы жаққа жұмыс сапарымен келген өңірдің бас полицейі Берік Біләлов тәртіп сақшыларының қызмет жағдайымен танысты.


Қанат Төлендинов – Айыртау ауданы ІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы:


– Үстіміздегі жылдың 6 айында Имантау селолық округінде 6 қылмыс тіркелді. Өткен жылы да осынша факті орын алған болатын. Биыл 75 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 15 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгіндері Имантау ауылының 2 тұсында қос камера орнатылған. Ондағы жазылған видео мына қызметтік компьютерге келіп түседі. Жиын барысында қылмыстардың алдын алу үшін қосымша тағы бейнекамералар қою қажеттігі айтылды.

Бейбіт Исманов – Айыртау ауданының әкімі:


– Бейнебақылау камераларын орнатуға аудан бюджетінен қаражат бөлуге тырысамыз. Бұған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер де қол ұшын беруге даяр.

Жиын аяқталған соң облыстық ІІД бастығы жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Тогжан Акмагамбетова