Құқық қорғау органдары

Петропавлда қаңғыбастардың арасынан 53 қылмыскер табылды

Күн сайын Петропавл қалалық ІІБ қабылдап-бөлу орнына 10 шақты адам жеткізілді екен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, көбінің құжаты және тұрғылықты мекен жайы жоқ. Бұл бөлімде қаңғыбастар бірқатар тексеріс шараларынан өтеді.


Ерлан Нұрахметов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ қабылдау- бөлу бөлімінің инспекторы:


– Біз күн сайын рейдтер ұйымдастырып, тұрғылықты мекен жайы жоқ тұлғаларды анықтаймыз. Көшеде ұсталған қаңғыбастар қабылдау-бөлу орнына жеткізіледі. Оларға әлеуметтік, медициналық қызмет түрлері көрсетіледі. Кейін есепке алынады.

Үстіміздегі жылдың 6 айында осындай тексеріс шараларының нәтижесінде үй-күйсіз жүргендердің арасынан 53 қылмыскер және іздеуде жүрген 7 тұлға табылыпты.

Берік Қасен