Балалар

Өңірімізде жастар лагері өз жұмысын бастады

Лагерьге өңіріміздің түкпір-түкпірінен 70-ке жуық жас жиылған. Олар ең алдымен бір-бірімен танысып, өзара топтарға бөлінді. Дәл қазір 2 жасақтың белсенділері табиғат аясында өздерінің ұрандарын ойластырып, арнайы плакаттар салуда.


Ерғали Зиябек – Мамлют аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы:


– Мен жалпы жастар лагеріне бірінші рет келіп жатырмын. Бұнда өзіме өте қызықты болып жатыр. Табиғат аясында демалудамыз десе де болады.

Жастар ұйымдарының белсенділері демалыс орнында түрлі квест ойындарына қатысып, жұмбақтарды шешпек. Сондай-ақ, қыз-жігіттерге арнайы тренинг өткізіледі. Олар “Мен бренд. Мен патриот” және “Азаматтық белсенділік” сынды тақырыптарды қаузайды.

Әсемгүл Есқожа – «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі:


– Біздің бағдарламамыздың басты мақсаты – әрине де жастарымыздың потенциалын көтеріп, әрі қарай дамыту. Азаматтық белсенділігін таныту. Сонымен қатар, “Рухани Жаңғыру” бағдарламасының аясында олардың сана сезімін жаңдандыру. Біз арнайы Алматы қаласынан тембилдинг өткізетін арнайы тренерлар келіп отыр. Ең бастысы жастардың өзара қарым-қатынасы одан әрі дамығанын көздейміз.

“Біздің күшіміз бірлікте” атты жастар лагері шілденің 26-сына дейін жалғасады.

Тогжан Акмагамбетова