ТЖ

Коммуналдық базардан от шықты

Қызыл жалын туралы хабар өрт сөндіру бөлімшесіне таңғы 10 -дар шамасында келіп түскен. Мамандар оқиға орнына 5 минуттың ішінде жетіп, бірден шұғыл шаруаға кірісті. Алайда, бұл уақытта өрт 600 шаршы метр аумақты шарпып үлгеріпті. Апатты ауыздықтауға 60-қа жуық адам және 14 техника жұмылдырылған.


Рамиль Камалов – Облыстық ТЖД бастығы:


– Оқиға орына тез арада жетіп, оны ауыздықтауға кірстік. Қатты түтіннің салдарынан жұмыс істеу қиынға соқты. Өрт базардың екінші қабатында тұтанған.

Үш қабатты ғимараттың жалын шыққан бөлінде киім-кешек, ойыншықтар, жиһаз және тұрмыстық химия сатылып келген болатын. Құтқарушылар мұндағы саудагерлер, тұтынушылар – жалпы саны 90 адам эвакуациялады.

– Мен базарға 10 кезінде ет алуға келдім. Сол кезде түтіннің иісін сезе бастадым. Сосын екінші қабаттан күзетші өрт деп айқайлай бастады.


– Мен осы маңайда жұмыс істеймін. Көлігім базардың маңында тұрды. Мен жүгіріп барғанша екінші қабаттың әйнектері шытынап, шашыла бастады.

Қызыл жалын 10:44-те ауыздықталып, 12:07-де толық сөндірілді. Абырой болғанда, өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бірақ, қызыл жалынның неліктен шыққаны әзірге белгісіз. Оның себебі мен апаттан келген шығын көлемі алдағы уақытта анықталатын болады.

 

Дана Ешкенова