Спорт

Дүбірлі дода шілденің 20-сы басталып, бүгін аяқталды

Бұл сында жасөспірімдер арасында «Дельфин» балалар спорт мектебінің тәрбиеленушісі Александр Ануфриев кролль арқылы жүзуде үздік атанды. Ол 50 метр қашықтықта алдына жан салмаған. Сонымен қатар, осы жарыста тағы бір спортшымыз Макар Козяйчев қос қола жүлдені жеңіп алған. Теріскейлік брасс тәсілі бойынша сынға түсті. Осылайша солтүстіказақстандық ұлдар спартакиадада үшінші орынға табан тіреді. Ал, қыздар арасында өнер көрсеткен Еңлік Ұлтарақова қоланы қанағат тұтты. Сайыс қорытындысы бойынша СҚО жалпы командалық есепте 4-ші орынды еншілеген.

Дана Ешкенова