Құқық қорғау органдары

Республикалық “Автобус” жедел операциясы өтуде

 

 

Оның ішінде рөлде келе жатып телефон пайдаланы, техникалық байқаудан өтпеу және жылдамдық асыру сынды 100-ге жуық факті тіркелді. Сондай-ақ, шара барысында Петропавлда қала ішілік жолаушылар тасымалымен айналысатын №19 қоғамдық көліктің жүргізушісі ұсталды. Ол темір тұлпарларды тиісті куәліксіз тізгіндеп жүрген. Анықталғандай, 47 жастағы азамат маусым айының басында өз көлігін мас күйде басқарамын деп, жүргізуші куәлігінен айырылып қалған. Бірақ, бұл оның қызметін доғаруына себеп болмапты. Тағы аталған автобустың техникалық байқаудан өткені туралы құжат та ескіргені анықталды.

Жеңіс Метолқынов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонының полицейі:

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 612-бабы 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама, толтырылып, көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізуші 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

 

Эльмира Садвокасова