Қоғам

Отандастарымыз жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу мен қайта тіркеуді онлайн режімде қол жеткізуге мүмкіндік алды

Толықтырулар мен өзгертулерден өткен жаңа жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, ендігі кезекті отандық көлік жүргізушілері темір тұлпарларын тіркеу мен қайта тіркеуді онлайн режімде жүргізе алады. Пилоттық жобаның артықшылығы – жүргізушілердің МХҚКО мен ІІМ-нің тіркеу-эмтихан бөлімдеріне бармай-ақ, шаруасын үйде немесе жұмыста тындыру мүмкіндігі бар. Ол үшін көлік иелерінің ЭЦҚ мен интернетке қосылған компютері болғаны абзал.

Евгений Зубков – «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы» СҚОФ бөлiм басшысы:

– “Бұл қызмет “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясында көрсетіледі. Порталдың көмегімен өтініш толтырғанда көлік иесінің құжаттарын сканерлеу талап етілмейді. Тиісті мәліметтер арнайы ақпараттық жүйелерден сұрау салынып, тексеріледі. Сатып алушы алатын көлігі жайында сұраным жібереді. Осылайша, айыппұлдың бар-жоғы, техникалық байқау мерзімі, көліктің жыл сайынғы қарызын тексеруге болады. Кейін сатып алушы көлік нөмірінің мемлекеттік баж салығы мен тіркеу операцияларын орындай алады. Бұрындары қызметтің осы түрін алу үшін сатушы мен сатып алушыға “Азаматтарға арналған үкімет” орталығының фронт-кеңсесіне келу талап етілген еді.

Бұл қанатқақты жобаның бір парасы ғана. Бұдан өзге тұрғындар жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметін де қашықтықтан орындай алады. Алдымен темір тұлпар тізгіндеушілер “егов.кз” порталында өтініш толтырып, ЭЦҚ қалдыруы тиіс. Оған қоса, құжатты ауыстырып жатқан тұлғаның суреті мен сканерден өткен жеке қолтаңбасы бірге көрсетіледі. Құжаттың әзірлігі жөнінде смс-хабарлама келісімен, клиент МХҚК орталығына дайын құжатты алуға келеді.

Евгений Зубков – «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы» СҚОФ бөлiм басшысы:

– Дайын куәлікті алуға келген азаматтар ондағы кеңесші-мамандарға өздерінің ескірген не болмаса мерзімі өткен құжатын ұсынады. Сондай-ақ клиенттің жеке басын куәландыратын құжаты мен осы қызмет түрін алуға төлеген мемлекеттік баж салығының электронды түбіртегі талап етіледі. Биылғы есеп бойынша жүргізуші куәлік ауыстыру құны – 3006 теңгені құрап отыр. Осы ретте айта кетерлік бір жәйт, бұл жаңашылдықтың мерзімі өткен куәлік иелеріне қатысты жоқ. Ондай тұлғалар наркологиялық және психикалық диспансерден анықтама алып, 083 формасындағы медициналық тексеруден өтеді.

Жалпы жыл басынан жүргізуші куәлігін онлайн режімде 1600 отандық көлік жүргізушілері ауыстырған.


 

Бахыт Садвокасов