Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері жарты жылдық жұмысын қорытындылады

Айту керек, жарты жылдың ішінде өңірде 3500 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл былтырғының сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,3 пайызға төмен. 550-ден астам фактінің беті криминалистикалық есептің көмегімен ашылды. Кездесу барысында Ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов өңір полицейлеріне осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған қылмыстар бойынша кінәлілерді анықтап, жазалау жұмыстарына басымдық беруді тапсырды. Дәл осындай отырыс қалалық ІІБ-да да өтіп, онда Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Марат Жүсіпов тәртіп сақшыларына қолда бар барлық ресурстарды пайдаланып, оның ішінде цифрлық технологияны қолдануға шақырды.

Марат Жүсіпов – СҚО прокурорының орынбасары:


– Полиция күнделікті жұмыс барысына заманауи технологияларды енгізуді, тергеу іс-әрекеттерін бейне таспаға жазу мен әкімшілік хаттамаларды электронды түрде тіркеуді қолға алуда. Деректер базасы мен статистикалық жүйелердің мүмкіндіктері толығымен қолданылуы керек.

Ешкенова Дана