Денсаулық сақтау

МӘМС қорына 80 млрд теңге аударылған

Елімізде бір жылдан сәл ғана астам уақыт бұрын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп, алғашқы жарнаны жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлей бастады. Бүгіндері қорға республика бойынша 80 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Соның 2 млрды -солтүстікқазақстандықтардың аударымдары. Ал, қаржы төлей алмайтын тұлғалар үшін мемлекет көмекке келеді.

Лариса Гордеева – “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚОФ директоры:

– Мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған 14 санаттағы азаматтар үшін жарна төлейді. Олардың саны 10 млн-нан асады. Бұл топқа: балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және өзге де жандар кіреді. Бұл санатқа жататын өңірде 285 мыңнан астам адам бар. Бүгіндері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіне қандай қызмет түрлері кіретіндігі туралы жоба әзірленген. Оған жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиация, жедел станционарлық және паллиативті көмек енеді.


Бұдан бөлек, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін әлеуметтік маңызы бар аурулар, ол – туберкулез, онкологиялық аурулар ВИЧ-инфекция дертіне шалдыққан, психологиялық және наркологиялық ауытқулары бар жандар ала алады. Айта кету керек, аталған қарастырған жоба әзірге талқыланылып жатыр.

Қарлығаш Ілиясова – “Әлеуметтің медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚОФ бөлімінің бас сарапшысы:

 


–  Тегін медициналық көмек аясында әлеуметтік осал топтарға және созылмалы ауруға шалдыққан қазақстандықтар бұрынғыша тегін алады. Сонымен қатар жаңа пакетке сай, сақтандырылған адамдар көмекпен бірге қымбат бағалы МРТ, компьютерлік тамограф сынды қызметтерді тегін алады.

Айта кетейік, жұмыс істеп жүрген азаматтар жарнаны келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап төлей бастайды. Жарна мөлшері 019 жылы жалақының – 1 пайызын, ал 2020 жылы 2 пайызын құрамақ.

Магжан Ахмадина