ТЖ

ТЖД қызметкерлері жазғы сауықтыру лагерлерінде демалушы балалармен кездесті

Осындай шаралар Қызылжар ауданындағы бірқатар демалыс орындарында өтті. Олардың бірі – «Қыран» лагері. Мұнда сауығып жатқан мүмкіндігі шектеулі және жетім балақайлар өздерін бір күнге құтқарушы ретінде сезіне алды. Жеткіншектер ТЖ қызметкерлерінің сүңгуір костюмі мен өрт сөндірушінің формасын киіп көрді. Сондай-ақ, мамандар демалушыларға судағы сақтық шараларын, құтқарылған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету амалдарын көрсетті. Дәл осындай әдістемелік және практикалық сабақтар «Золотая осень», «Достық» сауықтыру лагерлерінде де ұйымдастырылды. Танымдық іс-шараларға 5-тен 16 жасқа дейінгі 300-ден астам жеткіншек қатысты.

Қуат Махметов – СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

– Сабақтар ойын түрінде өтіп жатыр. Бүгінгі іс-шараға “улыбка” балалар қорының және білім басқармасының өкілдері де қатысуда. Олар сабақты жан-жақты қырларынан танытып, қызықты өтуіне себептесті.

 

Эльмира Садвокасова