Без категории

Қала маңындағы қоқыс алаңында қалдықтар жанып жатыр

Тоғжан Ақмағамбетова- тілші:

– Бұл – қала маңындағы қоқыс алаңы. Мұнда қатты тұрмыстық қалдықтар күн көзінің әсерінен үнемі қызып, түтіндейді. Ол адам денсаулығына зиянды өте улы заттарды бөледі.

Бұл полигон маусым айында ғана “Қызылжар-Тазалық” ЖШС қарамағына өткен. Оның аумағы – 28 га асады. Жанып жатқан қоқыстан бөлінген түтін “Жұмысшы” кенті мен “Береке” шағын ауданындарына дейін жетіп, жұртшылықты әбігерге салып жатқан жайы бар. Жағымсыз иісті мұнда анда-санда келетін қонақтар да байқапты.

Гүлмира Андамасова – М. Жұмабаев ауданының тұрғыны:

– Таңертең иіс шығып тұрады. Күйген. Жаман. Сұрасақ не болып жатыр десе, түтін, қоқысты өртеп жатыр дейді. Осы жерде тұратын халықтың денсаулығына зиян келтіріп, көптеген ауруларды қоздыртады. Мәселен, біреу-міреулерде түтіннен аллергия туындайды.


Табиғатты қорғаушыларының сөзінше, “Қызылжар-Тазалық” серіктестігі тиісті жұмыстарды атқармағандықтан, күл-қоқыстар күнге қызып, бықсып, жанып жатыр. Яғни, тұрмыстық қалдықтар тау болып үйіліп жатпай, арнайы карьерге сырылып, тегістеліп отыруы қажет.

Азамат Бектасов – СҚО экология департаменті басшысының орынбасары:

– Осы жағдайлар анықталған соң, біздің мамандар кәсіпорындарға айыппұл салады. Дегенмен, айыппұлдар бұл мәселені шешіп қоймайды. Әлі күнге дейін, осы сұрақ туындап тұр. Жағдайды біз жергілікті атқарушы органдарға үнемі хатпен жолдап тұрамыз. Қажетті шаралар қолдансын деп.

Қазіргі таңда теріскейде 468 қоқыс төгетін алаң бар. Олардың тек 248-сінің ғана жер учаскесі заңдастырылыпты. Ресми түрде небары 14 полигон тіркелген. Олардың екеуі Петропавл маңындағы “Дорожник” және “Коммунхоз” серіктестіктеріне тиесілі.


 

Тоғжан Ақмағамбетова