Құқық қорғау органдары

Курсанттар тәжірибеден өтіп жатыр

Практикалық сабақтар 1 айға жалғасады. Бұл уақыт ішінде болашақ полицейлер жауапты қызметтің қыр-сырын меңгермек. Олар Макаров тапаншасынан атады, білікті психологтардың тренигтері мен спорттық шараларға қатысады. Сонымен қатар, тәжірибе барысында жастар ведомствоның мұражайын аралап, департамент басшылары және ардагерлерімен кездесуге мүмкіндік алды.

Екатерина Кодак – Ресей ІІМ Санк-петербург университетінің курсанты:

 

– Өзім СҚО қарасты Ғабит Мүсірепов ауданының тумасымын. Биыл Ресейдің ІІМ Санк-петербург университетінің 3 курсын мамамдадым. “Қызметтік іс-әрекет психологиясы” мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Біз үшін мұндай практикалық сабақтардың маңызы зор. Осындай шаралардың арқасында білімімді толықтырып, тәжірибемді шыңдай түсемін.

Байболат  Култанов