Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД 10 жас полицейіне қызметтік куәлік табысталды

Айта кетейік, үстіміздегі жылды өңірдің бірінші полицейі Берік Біләлов кадрлар резервінің жылы деп жариялаған болатын. Бұл, сәйкесінше, департамент құрылымдарының жас мамандармен толығуына себепші болды. Қызметтік куәліктерді тапсыру салтанатына облыстық ІІД ардагерлері қатысып, ізбасарларына сәттілік тіледі. Мұндағы мақсат – өз заманында мамандығының жілігін шағып, майын ішкен зейнеттегі тәртіп сақшыларының мол тәжірибесін жас полицейлерге үлгі ету.

Айгерім Егеубаева, Тимирязев аудандық Ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы:

– Мен ҚР ІІМ Қостанай қаласындағы академиясын тәмамдадым. Қазір Тимирязев аудандық Ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор қызметін атқарамын. Бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін және алдағы уақытта жүктелген міндеттерді ынтамен әрі абыроймен атқаруға тырысатын боламын.

Саят Ермек