Без категории

Қала маңында бей-берекет шашылған қоқыс орындары көбейіп кеттіҚала маңындағы саяжайлар аумағында заңсыз қоқыс орындары көбейіп кетті. Осының кесірінен Новопавловка және Заречный кентіндегі тұрғындар қоқыстың ортасында өмір сүруде. Бұл жердегі тұрмыстық қалдықтар көктемнен бері әлі күнге жиналмаған. Заречный кенті аялдамасының маңы күл-қоқысқа лық толы. Қатты жел тұрса, қалдықтардың барлығы ұшып, осы жерге келгендердің мазасын алады. “Сатурн” саяжай қоғамы дәл осы аялдамадан бастау алады. Ал Заречный кентінде 10 шақты саяжай кооперативі бар. Бірақ көпшілігі бумаларын жерге әкелетін көрінеді. Татьяна Сахарова – бағбандық кооперативінің мүшесі: – Есіл тасқыны зардабынан шыққан қоқысты тұрғындар аялдаманың жанына үйе бастады. Өткен жылдары, бұл жердегі қалдықтарды арнайы техникамен жинайтын. Ал, биыл күл-қоқыс сол күйінде жатыр. Бізде ғана емес, қала маңындағы өзге саяжайларда да қоқыстың шашылып жатқанын көрдік. Мұндағы тұрғындар қоқыс төгетін арнайы орын болмағандықтан, өз учаскелерінде қыстан жиналған қалдықтарды аялдаманың жанындағы өзге үйінділерге қосуға мәжбүр. Осылайша, жаздың аптап ыстығында, тұрғындар өз кесірлерінен қолаңса иіске тұншығуда. Виктор Малинко – “Бағбаншылар” ҚБ төрағасы: – Биыл саяжайлардағы күл-қоқысты шығару жұмыстары кешірек басталды. Сол себепті де, саяжайлар маңы түрлі қалдықтарға толып кетті. Өткен жылы бұл мәселені қалалық әкімдік шешті. Ал, биылға оны біз қолға алдық. Бүгіннен бастап Заречный кенті тазартылуда. Келесі айға дейін басқа да учаскілер қоқыстан босатылады. Ал, мынау – Новопавловкаға апарар жол. Оның бойында күл-қоқыс шашылып жатыр. Бөтелке де, пластик пен тұрмыстық қалдық та осы жерде. Саяжайшылар бар гәп тұрғындардың өздерінде екенін айтып, тұрғындарды тазалық сақтауға шақырады. – Құрметті жерлестер, айналамызға қоқысты шашпайық! Табиғатты аялай білейік. Жиналған қалдықтың кей бөлігін жағып, өзгесін бос қоқыс жәшіктеріне тастау керек. Қарапайым тазалық ережелерін ұстансақ, бұл жер қоқысқа айналмас еді. – Әр адам өзін ғана емес, өзгелерді де ойлауы керек. Бірінші кезекте, лас жерде балаларға қиын. Кішкентай сәбилерімізде аллергия басталуы мүмкін. Қорыта айтсақ, қаланың таза болғаны барлығына қажет, ал тазалықты сақтау әрбіміздің міндетіміз. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, саяжайларды таза ұстау бағытында бірлесіп жұмыс атқару артық болмайды. Альмира Жетписбай

Заречный кенті аялдамасының маңы күл-қоқысқа лық толы. Қатты жел тұрса, қалдықтардың барлығы ұшып, осы жерге келгендердің мазасын алады. “Сатурн” саяжай қоғамы дәл осы аялдамадан бастау алады. Ал Заречный кентінде 10 шақты саяжай кооперативі бар. Бірақ көпшілігі бумаларын жерге әкелетін көрінеді.

Татьяна Сахарова – бағбандық кооперативінің мүшесі:


–  Есіл тасқыны зардабынан шыққан қоқысты тұрғындар аялдаманың жанына үйе бастады. Өткен жылдары, бұл жердегі қалдықтарды арнайы техникамен жинайтын. Ал, биыл күл-қоқыс сол күйінде жатыр. Бізде ғана емес, қала маңындағы өзге саяжайларда да қоқыстың шашылып жатқанын көрдік.

Мұндағы тұрғындар қоқыс төгетін арнайы орын болмағандықтан, өз учаскелерінде қыстан жиналған қалдықтарды аялдаманың жанындағы өзге үйінділерге қосуға мәжбүр. Осылайша, жаздың аптап ыстығында, тұрғындар өз кесірлерінен қолаңса иіске тұншығуда.

Виктор Малинко – “Бағбаншылар” ҚБ төрағасы:


–  Биыл саяжайлардағы күл-қоқысты шығару жұмыстары кешірек басталды. Сол себепті де, саяжайлар маңы түрлі қалдықтарға толып кетті. Өткен жылы бұл мәселені қалалық әкімдік шешті. Ал, биылға оны біз қолға алдық. Бүгіннен бастап Заречный кенті тазартылуда. Келесі айға дейін басқа да учаскілер қоқыстан босатылады.

Ал, мынау – Новопавловкаға апарар жол. Оның бойында күл-қоқыс шашылып жатыр. Бөтелке де, пластик пен тұрмыстық қалдық та осы жерде. Саяжайшылар бар гәп тұрғындардың өздерінде екенін айтып, тұрғындарды тазалық сақтауға шақырады.

–  Құрметті жерлестер, айналамызға қоқысты шашпайық! Табиғатты аялай білейік. Жиналған қалдықтың кей бөлігін жағып, өзгесін бос қоқыс жәшіктеріне тастау керек. Қарапайым тазалық ережелерін ұстансақ, бұл жер қоқысқа айналмас еді.

– Әр адам өзін ғана емес, өзгелерді де ойлауы керек. Бірінші кезекте, лас жерде балаларға қиын. Кішкентай сәбилерімізде аллергия басталуы мүмкін.

Қорыта айтсақ, қаланың таза болғаны барлығына қажет, ал тазалықты сақтау әрбіміздің міндетіміз. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, саяжайларды таза ұстау бағытында бірлесіп жұмыс атқару артық болмайды.


 

Альмира Жетписбай