Спорт

Футболдан Әлем біріншілігі аяқталды

Ақтық сында француздардың асығы алшысынан түсті. Олар шақпақ жейделі жігіттерді 4-те 2 есебімен ұтып, жеңіс тойын тойлады. Осы уақытта Қазақстан біріншілігінің 18-ші тур ойындары өткен болатын. Аталған кезеңде жергілікті Қызылжар СҚ футбол клубы сырт алаңда оралдық Ақжайық командасымен күш сынасты. Тартысты матчта Жайық жағасының спортшылары мықты атанды. Қарсыластарымыз өз қонақтарын 2-де 0 есебімен жеңіп, қоржынға маңызды 3 ұпайды салды. Бұл кездесуден соң солтүстікқазақстандықтар турнирлік кестенің 9-шы сатысына сырғыды. Енді теріскейлік ұжым келесі ойынды шілденің 28-і күні Қызылордада Қайсарға қарсы өткізеді.

Байболат  Култанов