Спорт

Петропавлда шағын футболдан “Еr Zhanibek Cup” халықаралық турнирі өтеді

Дүбірлі дода аққайыңдар өлкесінде тұңғыш рет өткізілмекші. Байрақты бәсеке Франция, Австрия, Дания, Түркия, Иран, Ресей, Моңғолия мемлекеттері мен Қырғыстан, Өзбекстан республикаларында тұратын этникалық қазақтардың басын бір ойын алаңында тоғыстырмақ. Тартысқа толы шараға еліміздің әр өңірінен жиылған аяқдоп шеберлері де қатысады деп күтілуде. Осылайша жалпы саны 28 құрама 2 күн бойына доп теуіп, шашасына шаң жуытпас үздік команданы анықтайды. Бұған дейін шағын футбол ойындары 3 рет еліміздің оңтүстік астанасы Алматыда өткізілген. Қатысушыларға қойылатын талап жоғары. Айталық, ойыншылардың жасы 18 бен 30-дың аралығында болуы шарт. Ұйымдастырушылар чемпионаттың әділ өтуіне ерекше мән берілетіндігін жеткізді. Өйткені халықаралық турнирдің жүлде қоры қомақты.

Жеңіс Түркия – “Еr Zhanibek Cup” халықаралық қорының президенті, Алматы қаласы:

 

“Ер Жәнібек” қоры 2006 жылы құрылған болатын. Оның негізгі мақсаты – шетелдегі қазақ жастарын отандық жатсармен араласып, байланыс орнатуына септесу. Осы 4-шісі, Петропавлда облыстық әкімдіктің ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр.

Эльмира Садвокасова