Қоғам

Петропавлда ауған соғысы ардагерлерінің слеті өтті

1978 жылы сәуір айында Ауғанстанда төңкеріс болып, оның арты мағынасыз соғысқа айналды. Кеңес әкері бұл қантөгіске 1979 жылы араласып, шектеулі контингенттің шетелдегі миссиясы 10 жылға созылып кетеді. Осы мемлекеттің Файзабад қаласында құрылған 860-шы мотоатқыштар полкінде 3 мыңнан астам кеңестік жауынгер отан алдындағы азаматтық борышын өтеген. Бүгін жастық шақтарында өмір мен өлім үшін арпалысқан сарбаздар бірі-бірімен қайта қауышты.

Шербане Сулеев – Ауған соғысының ардагері, Қырғызстан Республикасы:


–  Осы кездесуді
ұйымдастырған жандарға алғысымды білдеремін. Мұнда ресейлік, қазақстандық жолдастарым келіп отыр. Өзім Қырғызстаннан ат терлетіп келдім. Қайта көріскенімізге дән ризамын.

Ш
ҚО-ның тумасы Асан Оқапов та 1979 бен 1980 жылдары аралығында Отан алдындағы борышын Ауған жерінде өтеп, сұрапыл соғыстың бел ортасында болған. Талай қаруластары сол ұрыстардан оралмапты. 860-шы мотоатқыштар полкының бөлімше командирінің қарамағында 11 сарбаз қызмет еткен.

Асан Оқапов – Ауған соғысының ардагері, Семей қаласы:


Әскерден келгеннен соң, техникумды бітіріп, дипломды алып, Семейдің маңайында ауыл шаруашылығында бас инженер болып істедім. Одан кейін, қала көшіп, үкімет жер бөліп, қазір шаруа қожалығым бар.

Б
үгінгі слетке Ресей, Германия, Қырғызстан мен Қазақстаннның түрлі қалаларында тұрып жатқан 100 шақты ауған соғысының ардагері жиналды.


Еске сала кетсек, Ау
ғанстанда КСРО-ның 620 мыңға жуық сарбазы, оның ішінде Қазақстаннан шақыртылған 22 мың жауынгер әскери қызметін өтеді.

Тогжан Акмагамбетова