Құқық қорғау органдары

Учаскелік инспекторлар есеп беруде

Мәселен, Заградовка ауылдық округі бойынша тындырылған шаруа жайлы Саян Райымбеков есеп берді. Полиция капитанының қарамағында қазір 5 ауыл бар. Оларда 1,5 мыңнан астам адам тұрады. Мұндағы криминогендік жағдай тұрақты. Сол тұрақтылықты сақтап, заңның ала жібін аттағандарды құрықтауда бейне бақылау камераларының көмегі орасан дейді полиция инспекторы. Қазір Заградовка бойынша олардың саны 38. Бейнекамералардың көмегімен округ бойынша 12 әкімшілік құқықбұзушылықтың беті ашылған. Инспекторға департамент басшысы Берік Біләлов мал ұрлығы фактілерінің алдын-алу тапсырмасын қойды. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыстардың бетін ашу үрдісін жақсарту мақсатында полицейге жергілікті серіктестіктердің атынан су жаңа қызметтік көліктің кілті табысталды. Есіл ауданының әкімшілігі болса, жергілікті ішкі істер бөліміне бір қызметтік пәтер берді.

Мұратбек Әбішев, Есіл ауданының әкімі:

– Тәртіп сақшыларына барынша қолдау көрсету керек. Сонда олардың жұмысы мейілінше нәтижелі болмақ. Сондықтан үш бөлмелі коммуналдық баспананы Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің балансына беруді шештік.

Саят Ермек