Әр түрлі

Тұрғындарды алып шахматтық фигуралардың ғайып болғаны алаңдатуда

Сөйтсе, жергілікті билік өкілдері оларды бұзақылардан қорғау үшін кешкі уақыттарда жинап алуды ұйғарған. Бұл іс “Барыс” қалалық балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебінің мойынына жүктелген екен. Сондықтан, мекеме қызметкерлері оларды таңғы уақытта орнына қойса, кешке нысанға кіргізіп қояды.

Әділ Мергалимов – Петропавл қалалық әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлiмi жетекшісінің міндетін атқарушы:

– Қазіргі таңда бұзақылардың жаңа аялдамаларды да, шамдарды да, көшедегі архитектуралық нысандарды да сындырудан кет әрі емес екендерін көріп жүрміз. Сондықтан, шахматтық фигуралар жұмыс уақыты басталған кезде, яғни, таңғы сағат 9-да орнына қойылса, ал кешкі сағат 6-да қайта жинап алынады. Айту керек, шілде айының басында абаттандыру жұмыстарының аясында қалада осындай тағы 3 алаң жасақталған болатын.

Молдир Макишева