Әр түрлі

Теріскейліктердің күн тәртібі

Ал, күннің жарты бөлігін теріскейліктер өздерінің жеке күтіміне арнайды. Өңір тұрғындары 24 сағаттың 9-ын ұйқымен өткізсе, 1,5-ын тамақ ішуге жұмсайды. 60 минуттан артық уақыт жуынып-шайынады. Сонымен қатар, мамандардың сөзінше жерлес ер азаматтар тәулігіне небәрі 3,5 сағат еңбектенеді екен. Ал, нәзік жандылар болса 2 сағат жұмыс істейді. Үй шаруашысына әйелдер ерлерге қарағанда шамамен 3 сағат артық уақыт бөледі. Алайда жас ерекшелігі, қызметі және тұрғылықты жеріне қарай бұл көрсеткіштер өзгеріп тұруы ықтимал. Айта кету керек, аталған сауалнама соңғы алты жылда бірінше рет жасалыпты. Сәуірдің 2-сі мен 10-ы аралығында өткізілген соңғы тәжірибеге 1,5 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қатысыпты.

Тогжан Акмагамбетова