Спорт

Жас футболшылар арасында халықаралық турнир өтті

Жарысқа Омбы, Астана, Қарағанды және Қостанайдан келген 5-6 жасар кішкентай футболшылар қатысып, жеңіс үшін барларын салды. Барлығы 12 құраманың намысын қорғаған спортшылар әлем чемпонатындағы ағаларынан еш қалыспай, голдар соғып, қызықты ойын өрнегін көрсете білді. Кіші құрамда петропавлдықтар мен қарағандылықтар жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал омбылықтар турнирдің бас жүлдесін қанжығаларына байлады.

Молдир Макишева