Майонез, кетчуп, дәмдеуіштер – бүгінде «Евразиан фудс корпорейшн» АҚ 200-ге жуық тауар түрін шығарады. Шаһармыздың бас алаңына қала күнін атап өтуге жиылған бұқара компанияға тиесілі “3 желания” сауда маркасы ұйымдастырған іс-шараға белсене қатысты.
Андрей Пустовалов -“Евразиан фудс корпорейшн” АҚ филиалы директоры:
– Жиылғандармен 3 ойын өткізбекпіз. Жеңімпаздарға арнайы құнды сыйлықтар дайын. Сондай-ақ, біз бүгін 3 айға жалғасатын біздің “Арманадаған ас үй жиһазы” акциясы туралы хабарлаймыз. Акция жүлдегерлері телефонға бір мезеттік ақшалай жүлделер, тұрмыстық техника мен армандаған ас үй жиһазын сатып ала алады.
Алдымен жергілікті компания өкілдері «3 желания сауда маркасымен селфи жаса» атты ойын өткізді. Оның талабы бойынша қатысушылар кетчуп, майонез кейпіне енген қызметкерлермен фотоға түсуі тиіс. Алғашқы ойында белсенділік танытқан тұрғындарға сыйлықтар үлестірілді.
Тағы бір әсерлі ойын – «Қамал тұрғызу» деп аталды. Бұл сайысқа 2 құрамаға бөлінген 10 адам қатысты. Құрамалар өз ұрандарын ойластырып, берілген тақтайша, скотч, қаптамадағы майонез және кетчуптардың көмегімен бекініс салды.
– Мен бүгін қала күнін атап өтуге келдім. Конкурсқа қатысып, бекініс тұрғыздым. Белсенділігім үшін маған бір пакет өнім сыйлады. Қуаныштымын, көңіл-күйім көтеріліп қалды.
– Бұл сауда марканың бағасы өте тиімді. Маған майонез бен кетчуптері ұнайды. Сондай-ақ, отбасым да сүйсініп жейді. Тағамға қолданамыз. Осындай іс-шараны ұйымдастырған демеушілерге алғыс білдіремін.
– “3 желанияның” кетчуп, майонезін үнемі сатып аламыз. Күнделікті ас ішірде қолданамыз. Бағасы арзан, сонысы біз үшін тиімді.
Қорытынды кезеңде екі сайыстың жеңімпаздары би жарысында сынға түсті. Қатысушыларға – 30 жұмбақ, «Евразиан фудс корпорейшн» өнімдері жайлы 20 сұрақ, Қызылжар қаласы туралы 15 сұрақ қойылды. Дұрыс жауап қайырған қатысушылар сол мезетте «3 желания» СМ кез-келген өнімін таңдай алды. Нәтижесінде, белсенділік танытқан үміткерлердің арасында петропавлдық Анастасия Оснач жеңімпаз атанды. Оза шапқан нәзікжандыға тұрмыстық техника мен компания өнімдері сыйға тартылды.
Анастасия Оснач- қала тұрғыны:
– Бүгінгі жарыста жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Би биледім, сұрақтарға жауап бердім, жағымды әсер алдым. Осы сәтті пайдаланып барлық петропавлдықтарды қала күнімен құттықтаймын.
Айта кеткен жөн, «3 желания» СМ ұйымдастырған «Арманадаған ас үй жиһазы» акциясының қорытындысы 1 қыркүйек күні белгілі болады. Жеңімпаздар қаламыздың орталық алаңында марапатталмақ.
Альмира Жетпісбай