Қылмыс

Аялдама павильонын қасақана бұзғандар ұсталды

 

Жамбыл көшесінің бойындағы мына аялдама өткен жұма күні тас-талқан болған. Нысанды оның жанынан өтіп бара жатқан бір топ жас жігіттің бірі соққылап, шынысын қиратып, оқиға орнынан тайып тұрады. Алайда, қоғамдық тәртіпті бұзған жандар алысқа ұзай қоймады. Оқиға куәгерлері бірден 102- нөміріне хабарласып, күдіктілерді жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан.

Андрей Шнайдер – Петропавл қ. ІІБ Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальонының взвод командирі:

– Бізге белгісіз азаматтардың Жамбыл көшесі бойындағы аялдаманы зақымдағаны туралы хабар келіп түсті. Бірден оқиға орнына жетіп, екі күдіктіні құрықтадық.

Ашуға бой алдырған 20 жастағы бұзақы тәртіп сақшыларына бұл әрекетінің себебін түсіндіре алмады. Дегенмен, оғаш ісі үшін жауап бермек. Бүгіндері аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, материалдар сотқа жөнелтілген.

– Получается, мой друг поссорился с девушкой. Из-за этого он разбил стекло. Мы в это время переходили дорогу и сотрудники полиции, мимо проезжали и забрали нас.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 434-бабына сәйкес, мұндай тәртіп бұзушылықтар жасаған жандарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Не болмаса олар 10 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Тогжан Акмагамбетова