Бизнес және экономика

Елімізде шілде айынан “7-20-25” бағдарламасы іске қосылды

7-20-25 бағдарламасы шілде айынан іске қосылғанымен үй алуға ынталы жерлестерімізден қаржы ұйымдарына әлі бірде бір өтініш келіп түспепті. Оның үстіне шаһарда жоба негізінде тапсырылатын баспаналар әлі салынып жатыр. Бағдарлама арқылы алғашқы пәтерлерді жыл соңына таман үлестіру жоспарланған. Банкирлер қазірден қарыз алушының пәтер құнына байланысты ай сайынғы төлем соммасын есептеп қойған.

Диас Мэлс – ҚР “Ұлттық банкі” СҚОФ директоры:


– Мысалға қарыз мерзімі 25 жыл десек, бағдарлама бойынша ай сайынғы төлем алдынала есептеу бойынша, қатысамын деуші 5 млн теңгеге тұрғын үй алса, оның бастапқы жарнасы 1 млн теңге, ал ай сайынғы төлемі осы 28 мың теңгені құрайды. Сол 28 мың теңге кірісінің 50 пайызын құрауы керек. Сонымен заемшы қоса қарыз алушыны да тарта алады.

Жергілікті қаржы ұйымының өкілдері осы бағдарламамен заем беретін еліміздегі екінші деңгейлі банктердің тізімі жарияланғанын жеткізді. Олар “Центркредит, Еуразиялық, АТФ, РБК, Цесна, Халық және Тұрғын үй құрылыс жинақ банктері. Жыл соңына таман бұл тізімді тағы 2 қаржы институты толықтырмақ. Бір айта кетерлігі, жеке тұрғын жайға қол жеткізем деушілердің жаңа үйлерден ғана пәтер алу мүмкіндіктері бар. Бағдарламаға да кез-келген тұрғын қатыса алмайды.

Диас Мэлс – ҚР “Ұлттық банкі” СҚОФ директоры:


– Қатысушыларға қойылатын талаптарға тоқталсақ, ол біріншіден ҚР азаматы болуы, екіншіден оның еңбек немесе кәсіпкерлік кірісі болғаны жөн. Және онда меншігінде тұрғын үй болмағаны дұрыс. Осы талаптар орындалса, бағдарламаға қатысуларына болады. Бастапқы жарнасы да болуы керек.

Айта кетейік, жерлестеріміз өздерін толғандырған сауалдарын “Баспана” ипотекалық ұйымының ресми сайтына жолдай алады. Тағы алдағы уақытта әлеуметтік жобаның мобильді қосымшасы да іске қосылмақ.

Бахыт Садвокасов