Қылмыс

Жоғалған баланың өлі денесі табылды

Ата-анасының сөзінше балақай далаға ойнауға кеткен. Екі күн бойы кішкентай Андрейді 250-ден астам полицей, әскерилер, құтқарушылар мен еріктілер іздеді. Бүгін баланың мәйіті үйдің маңынан ағатын Есіл өзенінен табылған. Қазір оның не себепті көп жұмғаны анықталып жатыр. Белгілісі бір – балақайдың тәнінде зорлық-зомбылық іздері жоқ.

Нұрбек Баекин – СҚО ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:


– Үйлердің маңайын және өзен жағалауын толықтай араладық. Бала бұған дейін де үйінен кетіп отырған. Оның батып кеткенін, немесе біреудің тұншықтырғанын дөп басып айту қиын. Өлім себебі сот-мендициналық сараптамадан соң белгілі болады.


 

Саят Ермек