Туризм

Түркістан облысынан келген меймандар жергілікті ботаникалық бақты аралады

Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. Осыған орай, республикалық “Өлкетану” науқаны аясында Қызылжарға келген меймандар бірінші кезекте ботаникалық бақты аралады.

Зарипбай Хавазметов – Юсуф Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінің “Қамқоршылық кеңесі” төрағасы, Шымкент қаласы:

 


–  Бүгінгі экскурсияға Шымкент қаласының №107 мектеп-лицейінің 35 озат және белсенді оқушысы келіп тұр. Аталмыш шара ұйымдастырушыларына шын жүректен алғыс білдіремін. Біз Қызылжар қаласына бірінші рет келіп тұрмыз. Бізді жақсы қарсы алды. Солтүстікқазақстандықтардың қонақжайлылылғына ризамын.

Бақтағы саяхат шағын мұражайды аралаудан бастау алды. Музей қоры археологиялық, этнографиялық жинақтар, зергерлік және сүйектен жасалған әшекей бұйымдарға бай. Меймандар музейдегі жәдігерлерден бөлек, бақтағы саны 1000-нан асатын өсімдіктің түр-түрімен танысып, ондағы шағын зообақта мекен ететін жануарлар әлемін де қызықтады.

“Туған жер” бағдарламасы аясында келген Түркістандық қонақтар қаладағы өзге де тарихи мәдени орындар мен ойын-сауық орталықтарын аралай алды.

Альмира Жетпісбай