Денсаулық сақтау

Ұлттық домбыра күні ең алғаш туған нәрестеге сыйлық жасалды

Домбыра – қазақ халқының ертеден келе жатқан аса қадірлі, ел арасына кең таралған, түрлі шежіреге бай музыкалық аспабы. Сондықтан, ұлттық домбыра күні болып бекітілген шілденің алғашқы жексенбісінде шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге төл домбырамыз тарту етілді.

Жангелді Тәжин – халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы СҚОФ төрағасы:

– Қазақ болып өссін, ұлтың сүйген азамат болсын, патриот болсын дегіміз келеді. Ер бала екен дүниеге келген. Ер азаматтардың елін сүйген, жерің сүйген азамат болуы үшін осы Елбасының жарлығымен белгіленген күннің маңызы өте зор.


Ұлттық домбыра мерекесі жерлесіміз Данагүл Қалиева үшін ерекше күнге айналды. Өйткені, бұл мейрамда таңғы сағат 6-40- та нәзік жанды екінші баласын дүниеге әкелді. Шекесі торсықтай сәбидің салмағы 3 кг 564 граммды, бойы 54 см-ды құрайды. Қазір отбасы мүшелері екінші ұлдарының есімін ойластырып жатыр.

Данагүл Қалиева – қала тұрғыны:

– Үлкен баламның есімін атасы қойған, енді әжесі қоюы керек. Ол кісі ойланып жатыр.00-01* Сіздерге көптен-көп рақмет. Домбыраның киелі аспап екенін білеміз. Қазақпыз ғой. Атамыз кезінде ән айтқан, осы аспапта ойнаған. Ризамын осы мерекеге сай түскеніме.


Домбыра – ұлттық мақтанышымыз, брендіміз. Сондықтан, әр қазақ балаларын кішкентайынан шекті шертпелі аспабымызға жақындата түскені жөн.

Тоғжан Ақмағамбетова