Қоғам

Петропавлда “Астана – бейбітшілік пен келісімнің қиылысы” атты облыстық отырыс өтті

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Бүгінгі елордамыздың тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өткен болатын. Биыл сол маңызды қадамның жасалғанына 20 жыл өтті. Осындай аз уақыттың ішінде жас қала әлем бойынша зор мәртебеге ие болды.

Жангелді Тәжин – халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы СҚОФ төрағасы:

– Алдымен, Астана деген ол Қазақстанның, қазақ халқының брендіне айналды. Қазір Астананы жер жүзі таниды. Бас қаланың осындай деңгейге жетуі, Астана дегенде Елбасыны және тәуелсіздікті айтуымыз тиіс. Астана достықтың, жастықтың, бейбітшіліктің қаласы екенін білеміз. Сондай-ақ, бүгінгі іс-шарада біз Қазақстан халқы ассамблеясының дүниежүзіне танылғаны жайлы айтқымыз келеді. Ол еліміздегі халықтарының достығының арқасы.

Іс-шара барысында Қазақстан Халқы Ассамблеясы өкілдері жергілікті “Өрлеу” біліктілікті арттыру институтының оқытушыларына Астананың 20-жылдығына орай Елбасының 5 томдық еңбегін сыйға тартты.

Мархаба Қуантаева -“Өрлеу” БАҰО СҚОФ директорының орынбасары:

– Бүгінгі тамаша іс-шараның куәгері болып отырмыз. Міне жақында Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өтпекпіз. Сол себепті бүгінгі жиында Елорданың қалыптасу тарихы, Қазақстанның барлық өңіріндегі жүзден астам ұлт өкілдерінің өмірі жайлы талқыланды. Осы құнды мәліметтерді жалпы сабақ беруде де қолданбақпыз.

Жалпы облыстық тарихи-өлкетану мұржайының қорында тәуелсіз Қазақстан, Астана жайлы жазылған жүзден аса еңбек бар. Шара соңында барлық жиылғандар осы жинақтармен және өзге де жәдігерлермен танысып, мұражай ішін аралады. Сондай-ақ, меймандар Астана қаласы жайлы бейнефильмді тамашалады.

Альмира Жетписбай