МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлық жайы сөз болды

Оның алғашқысы – ішкі істер органдарында бармақ басты, көз қыстылыққа қарсы бағытталған іс-шараларға қатысты болды. Атқарылып жатқан жұмыс жайын жиналғандарға ведомства бастығының орынбасары Қапез Дәулетбаев айтып берді. Оның сөзінше департаментте тәртіп сақшылары арасында парақорлық фактілерін болдырмауға арналған шаралар жиі өтіп тұрады екен. Бұған қоса жол-патрулдік полицейлерді бейнежетонмен қамтуға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі таңда өңірдегі барлық құқық қорғаушыда заманауи құрылғы бар. Бірақ, олардың түсіру қуаты 8 сағатқа ғана жетеді екен. Ал, мамандардың толық қызмет уақыты 12 сағатты құрайды. Мұны облыс әкімі сынға алып, қызметкерлерде жұмыс барысын толығымен таспаға түсіретін камералар болу керектігін ескертті. Тағы, жиында жемқорлыққа жол бергендер жайы қаузалды. Жыл басынан бері заңның ала жібін аттаған 7 полицейдің ісі әшкере болыпты. Осыған байланысты 5 бірдей шенді жұмыстан кетсе, 10-ы лауазымдарынан босталған. Бұдан бөлек, жиында Мамлют және Тимиряезв аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған профилактикалық шаралар туралы да айтылды.

Байболат  Култанов